10 қаңтар 2022 | 16:21

Қызылордада Ұлттық ұлан сарбазын өлтірді деген күдікті ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қызылорда облысында 38 адам, оның ішінде Ұлттық ұлан сарбазын өлтірді деген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында 38 адам, оның ішінде Ұлттық ұлан сарбазын өлтірді деген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ішкі істер органдарына 381 адам жеткізілді, әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Оның ішінде 43 адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабын бұзғаны үшін 31 азамат жауапқа тартылды.

Арнайы жедел тергеу тобы құрылып, бүлікке қатысқан 38 адам, оның ішінде Ұлттық ұлан сарбазын өлтірді деген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп мәлімдеді Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі.

Полиция қызметкерлері көмегімен банкоматтарды инкассациялау қамтамасыз етіліп жатыр. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қала көлемінде бес блокбекет, жеті ауданда жиырма үш блокбекет қойылды. Бұл бекеттерде тәулік бойы полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер кезекшілік етеді.

Реклама
Реклама

Бұған дейін жаппай тәртіпсіздік барысында 5 қаңтарда Қызылорда мен Талдықорғанда Ұлттық ұланның екі сарбазы қаза тапқаны хабарланды. Соның бірі Қайсаров Мадияр Қызылорда қаласындағы тәртіпсіздікті ретке келтіру барысында ауыр жарақат алып, қайтыс болды. Оның жасы 19-да еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная