26 қаңтар 2022 | 18:53

Қызылордадағы тәртіпсіздіктерден кейін келтірілген залал мөлшері миллиард теңгеден асты - полиция

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қызылордадағы жаппай тәртіпсіздік пен қарулы шабуыл салдарынан 18 ғимарат бүлінді. Жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден аса шығын келтірілді. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордадағы жаппай тәртіпсіздік пен қарулы шабуыл салдарынан 18 ғимарат бүлінді. Жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден аса шығын келтірілді. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ішкі істер органдарында сақтаулы тұрған қаруды әкету мақсатында белгісіз адамдар Қызылорда орталығындағы үш полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған. Сонымен қатар, сот ғимараттары, әкімдіктер, полицияның стационарлық пункттері зардап шеккені, ломбард пен аңшылық дүкеннен мүлік ұрланғаны айтылды.

Полиция департаменті басшысының орынбасары Байжан Байгелді жаппай тәртіпсіздік барысында 210 адам түрлі жарақат алғанын, оның ішінде 58 полиция қызметкері болғанын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Бұл деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша (Кісі өлтіру, басқыншылық әрекет, жаппай тәртіпсіздік, қарақшылық, билік өкіліне қатысты күш қолдану және басқа да баптар) 59 қылмыстық іс тіркелді", - деді Байжан Байгелді.

Жаппай тәртіпсіздік пен қарулы шабуыл жасауға қатысы бар деген күдікпен 99 адам ұсталды.

"Оларға уақытылы адвокаттар бөлінді, сондай-ақ, полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында ұсталғандар сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Содан кейін қамауға алу шаралары қабылданды.

Әлеуметтік жағдайы мен денсаулық жағдайына байланысты сот 22 адамды қамаудан босатты. Тергеу органының өтініші бойынша екі әйел мен бір ер адамға қатысты бұлтартпау шарасы үйқамаққа алу ретінде өзгертілді. Ұсталған күдіктілердің қылмыстық әрекеті (куәлардан жауап алу, оқиға болған жерді қарау, сараптама қорытындылары) толық дәлелденді. Олардан әскери және полиция органдарына тиесілі үш қару (оның ішінде бір АКСУ автоматы), оқ-дәрілер және 20 арнайы құрал (қалқан, резеңке таяқ, каска) тәркіленді", - деді ПД басшысының орынбасары.

"Полиция қызметкерлерінің әрекетіне азаматтардан 25 шағым түсті. Шағымдар бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная