07 қазан 2020 | 09:39

"Қызын ағашпен ұрып жатты". Жәбірленушілер алматылық қайыршы әйел туралы

Видео кадры

Алматыда қайыр сұраған тілемші, садақа бермеген жүргізушіге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Astanatv.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қайыр сұраған тілемші, садақа бермеген жүргізушіге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Astanatv.kz.

Телеарна мәліметінше, оқиға Алтын Орда базарының жанында болған. Қайыр сұраған тілемші әйел кептелісте тұрған жүргізушінің көлігінің терезесін сындырып, қолын тістеп алды. Бұзақы келіншекті полиция ұстап, жеке басын анықтады. Көпбалалы ананың еш жерде жұмыс істемейтіні белгілі болды. Енді ол жасаған әркеті үшін қомақты айыппұл төлеуі мүмкін.   

Реклама
Реклама

Жалпы қала бойынша бұзақы әйелден жәбір көргендердің саны көп болып шыққан. Көбі ғаламтор арқылы шағымын жазып, видеосын салған. Соның бірі алматылық Римма Әбітова.

"Өткен жылы тамыз айында Алматы-Бішкек трассасында Алтын Орда жолында кетіп бара жатқанда бірінші рет жаңағы әйелді 4-5 баласымен көрдім. Үлкен қызын өте қатты ағашпен ұрып жатты. Мен оған ескерту жасадым, тәте, балаңыз ғой, ұрмасаңызшы. Маған неше түрлі боқ сөз айтып, көлігімді ұрып көп нәрсе айтты", - дейді Римма Әбітова. 

Қазір полицейлер бұзақы әйелді ұстаған. Оның жекебасын анықтап, қасына ертіп жүргендері - 5 баласы екенін растады. Еш жерде жұмыс істемейтін 37 жастағы әйелге қатысты 6 әкімшілік іс қозғалған.

"Аталған дерекке байланысты Алтын Орда базары маңында арнайы рейдтік шаралар жүргізілген. 12 тұлға ұсталып полиция бөліміне жеткізілді. Қайыр сұрап жүрген 37 жастағы әйел адам анықталды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижиелерімен әкімшілік материал сотка жіберілетін болады", - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная