29 шілде 2022 | 09:10

Қызын ертіп жүрген: Алматыда балалар арбасын ұрлап келген әйел ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Алматылық әйел қызымен бірге балалар арбасын ұрлап жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық әйел қызымен бірге балалар арбасын ұрлап жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Алматыда 25 жастағы әйел бірнеше мүліктік қылмыс жасағаны үшін ұсталды. Ол тұрғын үйлердің кіреберістерінен балалар арбасы мен сәбилерге арналған велосипедтерді ұрлап жүрген.

"Бейнебақылау камераларынан әйел қызының көзінше еш қымсынбастан бірнеше рет қылмыс жасағаны анықталды. Қазір азамат А-ның бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша сегіз жағдайға қатысы бары дәлелденді", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Реклама
Реклама

Полиция әйелдің осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Соталды тергеу шаралары ҚР ҚК-ның 188-бабы 2-бөлігі бойынша қаралады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram