06 ақпан 2020 | 17:12

Қызын зорлаған ақтөбелік 19 жылға сотталды

Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызын зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "НеМолчиKZ" қорының төрайымы Дина Таңсәрі Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызын зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "НеМолчиKZ" қорының төрайымы Дина Таңсәрі Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

Ермек А. 2019 жылы ақпанда кәмелетке толмаған қызын зорлаған. Қоғам белсендісінің айтуынша, ауыр қылмыс жасағаннан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. 

Реклама
Реклама

Облыстық сот мәліметінше, қылмыстық сот ісі алқабилер қатысуымен өткен. Сот үкімімен кәмелетке толмағандарды азғындау және зорлау бойынша кінәлі деп танылды. Ол 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі қатаң бақыланатын мекемеде өтейтін болады. 

Сондай-ақ, сотталушы жәбірленушінің заңды өкілінің пайдасына бес миллион теңге моральдық залал төлеуі тиіс. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная