Лифтте дәрет сындырған астаналық жазаланды

Лифтте дәрет сындырған астаналық жазаланды Видеодан алынған кадр

Астанада ер адамның тұрғын үйлердің біріндегі лифтте дәрет сындырғаны видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Астанада ер адамның тұрғын үйлердің біріндегі лифтте дәрет сындырғаны видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Астаналық полицейлер 26 қаңтарда Иманов көшесіндегі үйлердің бірінде лифт кабинасында дәрет сындырған ер адамды анықтады. Ол қоғамдық жерді ластап, тәртіп бұзып, басқа адамдарға құрметсіздік танытқан. 26 жастағы ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ("Ұсақ бұзақылық") әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен оған 5 АЕК көлемінде (12 625 теңге) айыппұл салынды.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама