12 сәуір 2022 09:13

Лисаков қаласы әкімдігінің қызметкері кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Кәмелетке толмаған қыздың анасы Лисаков қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы қызын зорлады деп айыптады. Әйел полицияға арыз берген, - деп хабарлайды "Костанайские новости"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәмелетке толмаған қыздың анасы Лисаков қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы қызын зорлады деп айыптады. Әйел полицияға арыз берген, - деп хабарлайды "Костанайские новости"

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желілерде Президентке істі бақылауға алу туралы өтінішпен жүгінді. Полиция қызметкерлері басқа да жәбірленушілер болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуін сұрайды.

Басылым мәліметінше, ер адам әлеуметтік желілерде қыздармен танысып, өзіне ғашық қылған, ал жақын қарым-қатынастан кейін жаңа құрбан іздеген болуы мүмкін. Ол парақшасында өзінің нақты жасын жасырып, отбасылық жағдайы туралы айтпаған. Ер адам үйленген, баласы бар.

Реклама
Реклама

"Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-1-бөлігі, 1-тармағы ("Кәмелетке толмаған баланы зорлау") бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Осы өтініштен басқа полицияға арыздар мен хабарламалар түскен жоқ. Полицейлер жәбірленушілер болған жағдайды құқық қорғау органдарына хабарлауын сұрайды. Ақпарат құпия сақталатынына кепілдік беріледі", - деп түсіндірді Полиция департаменті өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram