28 мамыр 2021 | 16:52

LRT ісі: сотталушыларға қатысты үкім шықты

Фото: Тұрар Қазанғапов

LRT жобасын іске асыру кезінде қаржы жымқыру ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

LRT жобасын іске асыру кезінде қаржы жымқыру ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс бойынша айыпталушылар 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Елорданың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов 10 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Реклама
Реклама

Қалалық мәслихаттың экс-депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісов қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді, ол мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Astana Innovations АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшім орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді, ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

ЖШС өкілі Ұлықбек Ачилов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.

Мердігердің өкілі Дәурен Әбдіхамитов заңсыз жолмен алынған басқа тұлғалардың меншігіндегі мүлікті тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мердігер өкілі Дулат Мусенов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мердігердің өкілі Тимур Қасабаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда LRT салу кезіндегі ақша жымқыру іс бойынша сот 2020 жылдың қазанында басталған. Бұған дейін жеті адамға айып тағылғаны хабарланған болатын. Олардың арасында елорданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов, Нұр-Сұлтан мәслихатының бұрынғы депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісов, "Astana Innovations" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім, сондай-ақ түрлі кәсіпорындар қызметкері Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов және Дәурен Әбдіхамитов болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпараты бойынша, қылмыстық схеманы әкімнің орынбасары Сұлтанбеков пен "Астана LRT" басшысы Ардан шетелдік және қазақстандық компаниялар көмегімен ұйымдастырған. Екеуіне де халықаралық іздеу жарияланған.

Ардан 2014 жылдан 2017 жылға дейін "Астана LRT" төрағасы болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі бойынша, ол ұрлық дерегі анықталғанға дейін елден кетіп қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная