26 қыркүйек 2018 | 13:57

ІІМ әскери-дәрігерлік комиссиясының басшысы парамен ұсталды

© tengrinews.kz

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің әскери-дәрігерлік комиссиясының басшысына пара алғаны үшін 12 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласындағы Алматы аудандық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің әскери-дәрігерлік комиссиясының басшысына пара алғаны үшін 12 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласындағы Алматы аудандық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азамат И. ҚР ІІД-нің Орталық әскери-медициналық комиссиясының басшысы бола отырып, материалдарды жеделдетіп қарастыру мақсатында азаматша Т.-дан 200 мың теңге сомасында пара алған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен И.-ға, ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі бойынша параның алпыс еселенгенге дейінгі мөлшерінде 12 000 000 теңге  айыппұл түріндегі жаза тағайындады.  

Үкім заңды күшіне енді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная