ІІМ басшысы журналистерге жасалған шабуыл туралы: 30 қылмыстық іс қозғалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Facebook/Вадим Борейко

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қазақстандық журналистерге шабуыл жасау дерегі бойынша 30-дан аса қылмыстық іс қозғалғанын, 22 адам ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қазақстандық журналистерге шабуыл жасау дерегі бойынша 30-дан аса қылмыстық іс қозғалғанын, 22 адам ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы факт бойынша 30-дан аса қылмыстық іс қозғалды, 22 адам қамауға алынды. Қазір жетеуі қамауда отыр, қалғандарына қатысты жеке басы мен жасы ескеріліп, қоғамнан оқшаулауға қатысы жоқ бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Біздің шенеуніктер сіздерге қолда бар ақпаратты ұсынады", - деді министр үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, журналистер жәбірленуші деп танылып, тергеу әрекеттеріне қатысып жатыр.

Реклама
Реклама

"Тергеу әрекеттері жүріп жатыр, басқа да деректер мен мән-жай анықталған кезде қолданыстағы процессуалдық заңнама аясында міндетті түрде хабарлаймыз", - деп қосты Ахметжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама