12 наурыз 2021 | 13:46

ІІМ мен ҰҚК арнайы операциясы: қауіпті қылмыстық топ ұсталды

Фото: gov.kz

2021 жылғы 10 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша ірі арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2021 жылғы 10 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша ірі арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы операция жүргізді.

ҰҚК мәліметіне сүйенсек, ұсталған топтың 16 мүшесі адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау және оның ҚР шекарасынан тыс контрабандасы, сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау бойынша айыпталды.

Реклама
Реклама

Қылмыстық топ құрамында құқық қорғау органдарының қызметтегі және бұрын жұмыс істеген қызметкерлері болғаны анқталды.

Ұстау барысында олардың жасаған қылмыстарын растайтын ірі сомадағы ақша, бағалы заттар, байланыс құралдары және өзге де заттар табылып, тәркіленді.

Жедел-тергеу шаралары әлі де жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная