11 қазан 2024 | 12:50

ІІМ операциясы: қазақстандықтар жарты тонна қарасорамен ұсталды

видео кадры

ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл қызметкерлері "Қарасора" операциясы барысында Жамбыл облысы Шу ауданының құмды аймағында қарасора жинаумен айналысқан екі ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл қызметкерлері "Қарасора" операциясы барысында Жамбыл облысы Шу ауданының құмды аймағында қарасора жинаумен айналысқан екі ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Күдіктілерден 500 келіге жуық кептірілген каннабис бұталары мен 9 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

"Қарасора" операциясының төрт айында ішкі істер органдары 1315 есірткі қылмысын анықтады. Заңсыз айналымнан 17 тоннадан астам есірткі тәркіленген.

Реклама
Реклама

Қызылорда, Алматы, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында Ұлттық ұланның тікұшақтарымен барлау жүргізілді. Онда 25 есірткі егісі анықталды. Жалпы салмағы 2,5 тонна болатын 15 мыңнан астам қарасора бұталары жойылды. 11 күдікті ұсталып, қамауға алынды.

"Полиция азаматтарды күдікті әрекеттер туралы хабарлауға шақырады", – деді Қуандық Әлжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная