ПОДЕЛИТЬСЯ
23 мамыр 2023 | 08:58
ІІМ операциясы: Қазақстанның әр өңірінде 19 қылмыстық топ ұсталды
Жақында ІІМ 3 мыңнан аса полиция қызметкері мен 200-ден аса ауыл шаруашылығы және ветеринариялық бақылау басқармаларының мамандарын тарта отырып, кезекті "Мал ұрлығы" жедел-алдын алу шарасын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жақында ІІМ 3 мыңнан аса полиция қызметкері мен 200-ден аса ауыл шаруашылығы және ветеринариялық бақылау басқармаларының мамандарын тарта отырып, кезекті "Мал ұрлығы" жедел-алдын алу шарасын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Операцияның төрт күнінде мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 11 695 автокөлік, 4 226 мал және ет өнімдерін сатып алу, өткізу орындары, сондай-ақ 8 708 шаруа қожалықтары мен мал жайылымдары тексерілген. Бұл ретте 22 мал ұрлығы және бұрын жасалған 115 қылмыс ашылған.
Осы қылмысты жасағаны үшін 136 адам ұсталды, оның ішінде 19 ұйымдасқан топ бар. 589 мал басы табылып, заңды иелеріне қайтарылған.
"Мәселен, Алматы облысы ПД қызметкерлері төрт адамнан тұратын мал ұрлаушылар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты, олар еркін жайылымнан бірнеше рет мал ұрлығын жасаған. Былтырғы қыркүйектен бастап олар 30-дан аса жылқы ұрлаған. Барлық жағдайда қылмыскерлер ұрланған мал бастарын алдын ала жалданған ауыр жүк көліктерімен алып кеткен. Күні кеше ғана Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында екі рет мал ұрлығын жасаған күдікті ұсталды. Ұрланған 22 жылқыны ұстау және тәркілеу Алматы облысы Ұзынағаш ауданының аумағында жүргізілді", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Айдос Рысбаев.
Сонымен қатар, ветеринария саласында 864 құқық бұзушылық анықталған. Атап айтқанда, тиісті құжаттарсыз мал және ет өнімдерін тасымалдау және сату деректері болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также