ІІМ операциясы: медициналық кәсіпорындардан не табылды?

видео кадры

Қазақстанда "Дәрмек" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда "Дәрмек" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өз қызметінде медициналық препараттарды пайдаланатын 831 кәсіпорын мен ұйым тексерілген. ҚР Қылмыстық кодексінің 303-бабы бойынша 11 қылмыс анықталды. 134 адам, оның ішінде 70 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Сақтау шарттарын бұзғаны үшін 43 келіден астам есірткі және психотроптық заттар, 5 мың дәрі және 20 мың ампула психобелсенді препараттар тәркіленді. Лицензиялау нормаларын және оларды сақтау объектілерін техникалық нығайту талаптарын бұзғандықтан 5 мың тоннадан астам прекурсордың айналымы шектелді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Мәселен, тексеріс барысында Ақтөбе облысының өнеркәсіптік объектілерінің бірінің аумағында прекурсорлармен жұмыс жасау ережелері бұзылып, 20 тоннадан астам күкірт қышқылы анықталды және тәркіленген.

Алматыда медициналық ұйымды тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және жою ережелерінің бұзылғандығы анықталып, онда 624 ампула промедол мен 825 ампула фентанил тәркіленді. Компанияның директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды, бұл 160 АЕК дейінгі айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жазаны көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама