17 ақпан 2022 16:17

Маңғыстау әкімінің бұрынғы орынбасары Ғалымжан Ниязов үй қамауына алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Ғалымжан Ниязов

Ақпанның басында ұсталды деген Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ғалымжан Ниязов үйқамаққа шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпанның басында ұсталды деген Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ғалымжан Ниязов үйқамаққа шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу соты тергеушінің Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ғалымжан Ниязовты үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырған.

Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, Ғалымжан Ниязов 2022 жылдың 24 наурызына дейін үйқамақта болады.

Реклама
Реклама

"Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2022 жылғы 16 ақпандағы қаулысы бойынша, тергеушінің 2022 жылдың 24 наурызына дейін күдікті - Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ниязов Ғалымжан Мұқырұлына қатысты бұрын таңдалған "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын "үйқамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды", - деді Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі өкілі сұйытылған мұнай газын жеткізуге жетекшілік еткен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталғанын растаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram