25 қыркүйек 2018 | 14:06

Маңғыстау облыстық МКД басшысының орынбасары ұсталған сәтінде түсірілген видео жарияланды

видеодан үзінді

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары ұсталған сәтте түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары ұсталған сәтте түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық МКД басшысы орынбасарының сот санкциясымен қамауға алынғаны туралы хабарланды. Бұл туралы Ұлттық бюроның ресми өкілі Жанна Бастарова Астанада өткен брифинг барысында мәлімдеді. 

Реклама
Реклама

"Ұлттық бюро агенттігінің департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарын ұстады. Ол ірі мөлшердегі пара - 10 миллион теңге алған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Сонымен қатар, пара берушіге де қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта екі күдікті де сот үкімімен қамауға алынды, - деді Бастарова. 

Оның айтуынша, істің басқа да мәліметтері ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная