16 желтоқсан 2021 | 17:13

Маңғыстау облысында арнайы операция кезінде қылмыстық топ ұсталды

Фото: КТК

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында атыс қаруын жасауға және сатуға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында атыс қаруын жасауға және сатуға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, 8 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында атыс қаруын жасауға және сатуға қатысы бар қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция өтті. Қала тұрғыны "Калашников" жауынгерлік автоматын сатып жатқан жерінен ұсталды. Бұған дейін ол "Макаров" тапаншасын сатқан. 

Қылмысқа қатысы бар адамдардың тұрғылықты жерін тінту кезінде "Макаров" тапаншасы, 2 шолақ мылтық, оқ-дәрі, сондай-ақ аса ірі мөлшерде әртүрлі есірткі ("мефедрон", "апиын") тәркіленді. Күдіктілер кінәсін мойындады. Олардың үшеуіне қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Реклама
Реклама

Қылмыстық кодекстің 287-бабы ("қаруды заңсыз өткізу және сақтау") және 297-бабы ("есірткі заттарын заңсыз сақтау") бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная