08 қазан 2018 | 09:21

Маңғыстау облысында ауыл әкімі ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Камила Долаева Журналист
Қызылсай ауылының әкімі Бақытжан Ізжанов

Қызылсай ауылының әкімі Бақытжан Ізжанов ақша жымқарды деп күдіктеліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бюросындағылар растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылсай ауылының әкімі Бақытжан Ізжанов ақша жымқарды деп күдіктеліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бюросындағылар растады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ауыл басшысы 1 қазанда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. "Ол қылмыстық іс бойынша қосымша дәлелдемелер жиналуына байланысты босатылды. Соталды тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Реклама
Реклама

Тергеуге қатысты басқа мәліметтер айтылмайды. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлігі 3-тармағы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер олар өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса") бойынша тергеу жалғасып жатыр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная