08 мамыр 2023 | 12:16

Маңғыстау облысында бала саудалағандар ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
polisia.kz

Маңғыстаулық полицейлер жаңа туған нәрестені саудалау дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстаулық полицейлер жаңа туған нәрестені саудалау дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 мамырда сағат 13:00 шамасында Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдіктіні ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жаңа туған нәресте тапсырылған 38 жастағы күдіктіні ұстады. Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.

Реклама
Реклама

Осы дерек бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаментінде ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная