13 сәуір 2017 | 11:52

Маңғыстау облысында ер адам 17 жастағы қызды ұрып өлтірді

Ақырыс Қозыбай

17 жастағы Ақырыс Қозыбайдың жігітінен ауыр соққылар алып, артынша қайтыс болғаны туралы мәліметтер таяуда Желіде пайда болды, - деп хабарлайды Тumba.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

17 жастағы Ақырыс Қозыбайдың жігітінен ауыр соққылар алып, артынша қайтыс болғаны туралы мәліметтер таяуда Желіде пайда болды, - деп хабарлайды Тumba.kz

Таратылған хабарламада Маңғыстау тұрғындарының бірі қайтыс болған қыздың Жармыш ауылының тумасы екенін және Ақтау қаласында әпкесінің үйінде тұрғанын хабарлаған. Әйелдің айтуынша, қайғылы оқиға алдында ер адам қызбен ұрысып қалып, кейін Сайын Шапағатов ауылындағы бір туысының үйіне кетіп қалған. Ол жақта қыз туған күн тойлауға шыққан. Ақырысты бір жігіт сол жерден алып қашып, соққының астына алған. Ауруханаға түскен 17 жастағы қыз есін жимастан көз жұмды. Алайда оқиғаның мән-жайы айтылмайды.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облыстық ІІД қыздың зорлық белгілерінен қайтыс болғанын растап берді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

"9 сәуірде шамамен 23:00-де 1996 жылғы жігіт 1999 жылғы кәмелет жасына толмаған қызға күш қолданып, соққының астына алған. Қыз бала облыстық ауруханаға жеткізілген, алайда ол есін жимастан қайтыс болды", - деді Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілі. 

Осы дерекке қатысты Маңғыстау облыстық ІІД сотқа дейінгі тергеу шараларын ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізіп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная