16 қараша 2020 | 10:16

Маңғыстау облысында коммуналдық ҰҚТ әшкере болды

© Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысында коммуналдық мекемелердің лауазымды тұлғалары  қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында коммуналдық мекемелердің лауазымды тұлғалары  қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті құрамында Маңғыстау облысының бірқатар энергетикалық мекемелерінің басшылары мен лауазымды тұлғалары бар қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс қозғағаны айтылады.

Реклама
Реклама

Тергеу барысында ҰҚТ мүшелерінің өткен жылдың наурызынан қазан аралығында энергетика саласында арнайы білімі бар мамандарды пайдалана отырып, Мұңайлы және Жаңаөзен қосалқы станцияларында есепке алмайтын шиналарда есептелетін кернеу және тоқ тізбектерін иіруді іске асырғаны анықталды. Бұл ретте "Мангистауэнерго" МКК директоры астыртын көмек көрсеткен.

"МАЭК-Казатомпром" ЖШС, "Мангистауэнерго" МКК, "Өзенэнергосервис" МКК қызметкерлері мен басқа тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 7 бабы бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды (ҰҚТ құру және оған қатысу (ҚР ҚК 262-бабының 1,2,3-бөліктері), қорқытып алу (ҚР ҚК 194-бабының, 4-бөлігі 1,2-тармақтары), рейдерлік (ҚР ҚК 249-бабының, 3-бөлігі 1-тармағы), аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару (ҚР ҚК 245-бабының 3-бөлігі), аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын иемденіп алу (ҚР ҚК 189-бабының, 4-бөлігі 1,2-тармағы), қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (ҚР ҚК 218-бабының 3-бөлігі) және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК 361-бабының 4-бөлігі 1,3-тармақтары)", - дейді комитеттегілер.

Барлығы 9 тұлға айыпталып жатыр.

"ҰҚТ мүшелері келтірген залалдың жалпы сомасы 500 миллион теңгеден асады. Залалды өтеу мақсатында 110 миллион теңгеден аса сомаға айыпталушылардың мүліктері мен банк шоттарына тыйым салынған",. - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная