Маңғыстау театрының экс-директоры Антикордың айыбын жалған деп атады

Фото © Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау драма театрының экс-директоры Нұрнияз Мұханов антикордың "өлі жандарға" айлық төледі деген айыбын жоққа шығарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ол "екі жыл бойы жоқ қызметкерге жалақы төлеген". Осы уақыт ішінде ол өз шотына бір жарым миллион теңге аударған. Бұл үшін сот экс-директорға 14 миллион теңге айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ер адам қызметтік лауазымын пайдаланып сеніп тапсырылған мүлікті иемденді немесе жымқырды деп айыпталды. Ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

"Бұрынғы директорға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Осы бап бойынша заң бұзғаны үшін жазалаудың түрі айыппұлды он есе көлемде төлеуге ауыстырылды", - деді Маңғыстау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тергеушісі Аслан Атшыбаев.

Реклама
Реклама

Ал бұрынғы директор "өлі жандарға" жалақы төлеу деген айыпты жоққа шығарды. Ол журналистермен телефон арқылы сөйлескенде былай деп жауап берді: бұл антикоршылардың ойлап тапқаны, басқа дәнеңесі де жоқ. Тек ер адам бұл шешімді сотта даулауға ниеті жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама