27 қаңтар 2021 | 09:42

Маңғыстауда алғаш рет педофилге өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімі кесілді

Маңғыстау облысында жас балаға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасаған адамға алғаш рет өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында жас балаға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасаған адамға алғаш рет өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.

Үкімді Маңғыстау облыстық соты шығарды. Іс мемлекеттік айыптаушының, жәбірленушінің заңды өкілінің, сотталушының және оның қорғаушысының қатысуымен жабық тәртіпте қаралды.

Реклама
Реклама

"Сот сотталушы танысының пәтеріне былтыр 28 мамырда түнгі уақытта келгенін анықтады. Ол мас болған. Жәбірленушінің анасының жоғын біліп, баланың кішкентай екенін біле отырып, жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланды. Сотталушы баланың бетінен және басынан бірнеше рет ұрып, физикалық зорлық-зомбылық жасады. Осыдан кейін ол балаға қатысты зорлау және өзге де жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Прокурор сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады, онымен жәбірленушінің заңды өкілдері келісті. Адвокат соттан қылмыстық қудалауды тоқтатуды және сотталушыны қамаудан босатуды сұрады, өйткені оның айтуынша, сотталушының кінәсі толық дәлелденбеген.

"Кінә сенімді түрде анықталғандықтан, сот барлық эпизод бойынша үкім шығарды. Қылмыстық құқықбұзушылықтар жасалған кезде сотталушының мас болуы жазаны ауырлататын мән-жай деп танылды. Қылмыстың сипаты мен дәрежесін ескере отырып, судья сотталушыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті", - деп атап өтті соттың баспасөз қызметіндегілер.

Егер қорғаушы наразылық білдірмесе немесе шағымданбаса, үкім заңды күшіне енеді.

КТК және "Астана" телеарналарының хабарына қарағанда, сотталушы 36 жаста, жәбірленуші 10 жаста. Дегенмен ер адам сотта кінәсін мойындамады.

"Өзі мас болған. Өлтіремін деп қорқытқан. Басынан, бетінен ұрған. Оны түрлі жолмен зорлаған", - деді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Гауһар Нұрханова.

Айта кетейік, былтыр Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату туралы шешім шықты. Міне, Маңғыстауда судьялар осы түзетуді пайдаланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная