Маңғыстаудағы ҰҚК операциясы: төрт адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Маңғыстаудағы ҰҚК операциясы: төрт адам ұсталды Фото:gov.kz

Шекара қызметі және ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК мәліметіне сілтеме жасап.

"Өткізілген операцияның нәтижесінде Ақтау қаласында есірткі тасымалдады, сатты деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды.

Тінту барысында 100 келіден аса "марихуана" есірткі заты тәркіленді", - делінген хабарламада.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жарнама
Жарнама

Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама