11 маусым 2020 19:49

Маңғыстаулық шенеунік пара ретінде ас үй жиһазын алған

Видео кадрынан

Маңғыстау облысының шенеунігі пара ретінде жиһаз алған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының шенеунігі пара ретінде жиһаз алған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пара алды деген күдікке Мұнайлы ауданы әкімдігі азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бастығы ілінген.

Реклама
Реклама

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, ол жеке кәсіпкерден пара алғанын мойындаған. Құжаттарды жылдамырақ беру үшін шенеунік ас үй жиһаздарын алған.

Тергеуге байланысты бұл іс туралы басқа ақпарат жарияланған жоқ. Күдіктіге қатысты нақты шешімді сот шығарады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram