Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысының үкімі өзгерді

Марал Қадыр

Ма??ыстау облысты? ?ылмысты? істер ж?ніндегі сот ал?асы облысты? денсаулы? са?тау бас?армасыны? б?рын?ы басшысы Марал ?адырды? ісін ?арады, - деп хабарлайды "Тумба"

Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Марал Қадырдың ісін қарады, - деп хабарлайды "Тумба"

Айта кетейік, өз қарамағындағылардан ақшалай қаражат жымқырудың төрт дерегі дәлелденгеннен кейін биыл 5 мамырда ол мүлкі тәркілене отырып, жалпы тәртіптегі колонияға 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Үкім жазаны жеңілдететін жағдайларды негізге ала отырып шығарылған еді, яғни оның кәмелетке толмаған қызы бар. 

Реклама
Реклама

" Марал Қадыр сот ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 1,4-тармақтары бойынша айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Ақтау қалалық сотының 2017 жылдың 5 мамырындағы үкімі өзгерді. Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 55-бабының 4-бөлігін қолдану арқылы оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалады, сотталушы мен оның қорғаушысының апелляциялық шағымы, сондай-ақ, прокурордың апелляциялық наразылығы қанағаттандырылмады", - деп атап өтті Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі Гаухар Нұрханова. 

Басылымның мәліметінше, сотталушы мүлкі тәркіленіп қана қоймай, белгілі бір қызметтерге тұрудан өмір бойына айырылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама