Маңғыстау облысында 20 жастағы жігіт бүлдіршінді қағып өлтірді

© Lada.kz

Бірнеше күн бұрын Маңғыстау облысы Қарақиян ауданындағы "Құрық-Жетібай" автожолында 6 жасар бала қаза тапты. Бүлдіршінді Mercedes-Benz ML320 жүргізуші қағып кеткен, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Алған жарақатынан Темірлан есімді бүлдіршін оқиға орнында қаза тапты. Баланы қағып кеткен жүргізуші болса жылдамдығын азайтпастан оқиға орнынан қашып кетті. Дегенмен, күдіктіні жол-полиция қызметкерлері ұстады.

Ұсталған адамның Қарақиян ауданына қарасты Мұнайшы ауылының 20 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол аймақтағы мұнай компанияларының бірінде жұмыс істейді. Оқиға дерегі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама