Маңғыстау облысында жүргізуші мен оның достары кондукторды өлтіргенін мойындады

Маңғыстау облысында жүргізуші мен оның достары кондукторды өлтіргенін мойындады © stolicaonego.ru

Ма??ыстау облысында жант?ршігерлік ?ылмысты? беті ашылды. ?аза?стан-А?тау телеарнасыны? м?ліметінше, к?п?абатты ?йлерді? біріні? жерт?лесінен жігітті? м?йіті табыл?ан. К?дікті ретінде т?рт адам ?сталды. 

Маңғыстау облысында жантүршігерлік қылмыстың беті ашылды. Қазақстан-Ақтау телеарнасының мәліметінше, көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінен жігіттің мәйіті табылған. Күдікті ретінде төрт адам ұсталды. 

Сонымен қатар, "Мой город" басылысымы қаза тапқан жігіттің жасы 23-те болғанын жазды. Ол қалалық маршруттардың бірінде кондуктор болып қызмет еткен. Басылым мәліметінше, жігіт жұмыстан шыққаннан кейін бір күндік табыспен бірге жоғалып кеткен. Бірнеше күннен соң жүргізуші оны тауып алып, жалдамалы пәтерге апарған, онда оны сыбайластары күтіп отырған. 

Тергеу шараларының нәтижесінде төрт адам ұсталды, олар өз кінәларын мойындады. Сол күні олар артық ішіп қойған, деп жазады портал. Ішіп отырған жерде олар бөтелкемен кондуктордың басынан ұрған. Жігіт сол мезетте қайтыс болған. Ал оның мәйітін жертөлеге жасырып қойған. 

Реклама
Реклама

Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің "Адам өлтіру" бабы бойынша жүрді. Полицейлердің айтуынша, ер адамдар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама