Маңғыстауда 15 жастағы қызды алып қашқан ер адам 5 жылға сотталуы мүмкін

© zi.dn.ua

2018 жылды? с?уірінде 16 жаста?ы ?ызды алып ?аш?ан Ма??ыстау облысыны? т?р?ынына ?атысты ?ылмысты? іс ?оз?алды. Б?л туралы Ма??ыстау облысты? ІІД баспас?з ?ызметі айтты, - деп хабарлайды Tumba.kz.

2018 жылдың сәуірінде 16 жастағы қызды алып қашқан Маңғыстау облысының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tumba.kz.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 1-бөлігі бойынша ("Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қажетті барлық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Полицияның мәліметінше, ер адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Маңғыстауда кәмелет жасқа толмаған қызды некелесу үшін алып қашқан ер адамның ұсталғаны хабарланған болатын. Шетпе аулының 21 жастағы тұрғыны 2017 жылдың желтоқсанында ғана 16 жасқа толған қызды алып қашқан. Мұның алдында ол қызбен жыныстық қарым-қатынаста болған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама