Маңғыстаулық учаскелік инспектор Шымкентте полицейлермен төбелескен

Камила Долаева Журналист
Маңғыстаулық учаскелік инспектор Шымкентте полицейлермен төбелескен ©Турар Казангапов

Маңғыстау облысының учаскелік инспекторы Шымкент қалалық ІІД қызметкерлерімен төбелескен. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ІІМ өкілінің хабарлауынша, Шымкентте 12 тамызда жол ережесін бұзғаны үшін Маңғыстау облысы жергілікті полиция қызметінің инспекторы жүргізген көлік тоқтатылған. 

"Жүргізуші мен оның жолаушысы - Түркістан облысы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мас күйде Шымкент қаласы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының инспекторына физикалық күш көрсетіп, қарсыласқан", - дейді Сәдубаев. 

Жарнама
Жарнама

Қазір ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігі ("Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама