Мақтаарал ауданында ерлі-зайыптыны балталап өлтірген күдікті ұсталды

иллюстрациялық сурет

О?О полицейлері Ма?таарал ауданында ерлі-зайыптыны ?лтірген к?діктіні ?амау?а алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі О?О ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

ОҚО полицейлері Мақтаарал ауданында ерлі-зайыптыны өлтірген күдіктіні қамауға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2017 жылы 13 ақпанда болған. Мақтаарал АІІБ-не Алмалы ауылындағы көшелердің бірінде ер адам мен әйел адамның зорлық белгілерімен мәйіттері табылғаны хабарланған. 

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған. Криминалистер олардың шабылған жарақаттардан қаза тапқанын айтқан. Полицейлер қаза тапқандардың жеке басын анықтаған. Олар отбасылық жұп болып шыққан: Мақтаарал ауданының тұрғындары 1958 жылғы ер адам және 1966 жылғы әйел адам.

Реклама
Реклама

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бабымен осы дерек бойынша Мақтаарал АІІБ Біріңғай реестріне тіркелген. Осы қылмысқа кімдердің барғанын анықтау үшін Мақтаарал АІІБ жеке құрамы, криминалистер және ОҚО ІІД-нің тергеушілері жұмылған. Күдіктілерді ұстау үшін барлық қажетті шаралардың қолданылғаны айтылады. 

Соның қорытындысы бойынша, бір ай өткенде жедел-іздеу шаралары барысында полицейлер күдіктіні ұстаған, ол 1991 жылғы жергілікті тұрғын болып шыққан. Ол кінәсін толығымен мойындады. Заттай дәлел ретінде балта тәркіленген. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама