ПОДЕЛИТЬСЯ
11 наурыз 2022 | 09:20
Мас күйде бесеуі жабылып зорлаған. Петропавлда атышулы іске нүкте қойылды
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған қызды топтасып зорлау ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған қызды топтасып зорлау ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға былтыр Петропавлдан 20 шақырым жердегі "Березовая роща" демалыс орнында болған. Ішімдік ішкен бес жігіт 17 жастағы қызды жабылып зорлаған. Полицейлерге қылмыс жайында жәбірленушінің анасы хабарлаған болатын. Сот тараптардың келісімі бойынша жабық түрде өтті.
Оларды кінәлі деп тапқан сот 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұған қоса, сотталушылар қызға моральдық өтемақы төлейді.
Сотталушылардың кінәсі жәбірленуші мен куәлардың айғақтарымен, жеке басын анықтау хаттамаларымен, сараптамалық қорытындылармен және басқа да дәлелдемелермен анықталды.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 120 және 121-бабына сәйкес қылмысқа жол берген 5 азамат 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылсын. Оның екеуі кәмелет жасқа толмағандықтан 10 жылға сотталады. Сондай-ақ, сот жәбірленушінің 10 миллион теңге көлеміндегі өтемақысын толық қанағаттандырды", - үкімді судья Сергей Викторенко оқыды.
Сотталушылар 10 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды бірлескен тәртіппен өтейтін болады. Төртеуі жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сотталушылар өз кінәларын мойындамады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также