10 шілде 2021 | 11:25

Медорталық директорлары жалған ПТР анықтама сатты деген күдікпен ұсталды

Фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда ПТР-тесттен өтті деген жалған анықтама жасаған адамдар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астана ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда ПТР-тесттен өтті деген жалған анықтама жасаған адамдар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астана ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ай басынан бері жалған анықтамаларды сатудың екі дерегі анықталды. "Полиция қызметкерлері нәтижесі теріс ПТР-тест тапсырғаны туралы жалған анықтаманы сатты деген күдікпен жеке медициналық орталықтың директорын ұстады. Орталық басшысы заңсыз қызмет көрсеткені үшін "клиенттерден" 6 мың теңгеден алғаны белгілі. Қазіргі уақытта полицейлер қанша адам осындай заңсыз анықтаманы алғанын анықтап жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Сондай-ақ, ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы анықтаманы шетелде жүріп электрон нұсқада 5500 теңгеге жасап сатқан қазақстандық анықталды. Анықтамаларды Telegram мессенджері арқылы жіберген. Күдікті ел аумағына келген соң қылмыстық заңнама аясында шаралар қабылданады. 

Реклама
Реклама

Аталған деректер бойынша жалған құжаттар дайындағандарға ҚР ҚК 385-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

"Жалған құжаттарды дайындағаны немесе сатқаны үшін ҚР ҚК 385-бабына сәйкес төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске саламыз", - деді полицейлер. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная