Мектеп оқушысына азғындық жасаған оралдық тұрғын ұсталды

Көрнекі сурет © Tengrinews.kz

Мектеп оқушысына азғындық жасаған Орал қаласының тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Мектеп оқушысына азғындық жасаған Орал қаласының тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Күдікті өз кінәсін толық мойындады, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға биыл тамыз айының ортасында болған. Жәбірленушінің анасы 2020 жылдың 3 қыркүйегінде полицияға шағымданған. Күдікті бірден анықталып, ұсталды. 

Реклама
Реклама

"Кәмелетке толмаған 2006 жылғы қыздың анасы шағымданған болатын, жәбірленуші қаладағы мектептердің бірінде 9-сыныпта оқиды. Қажет шара қабылданып, 1997 жылғы Орал тұрғыны ұсталды. Тергеу кезінде күдікті кінәсін толық мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - дейді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков. 

Болатбек Белгібековтің айтуынша, аталған бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама