Мемлекетке 200 миллион теңге залал келтірді деп айыпталған азамат Армениядан экстрадицияланды

© yk-news.kz

Мемлекетке 200 миллион те?ге залал келтірді деп айыптал?ан азамат Армениядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?аза?стан Республикасы Бас прокуратурасыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Мемлекетке 200 миллион теңге залал келтірді деп айыпталған азамат Армениядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Бас прокуратураның және Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан азаматы Сурен Манасянды экономикалық қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

58 жастағы Сурен Манасян қылмыстық топ құрамында жалған кәсіпкерліктер құрғаны үшін, сонымен қатар бюджетке салық төлеуден жалтаруға жағдай жасау нәтижесінде мемлекетке 200 миллион тенге сомасында аса ірі мөлшерде залал келтіргені үшін айыпталуда.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Манасянның Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынғаны айтылады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама