07 сәуір 2021 | 11:15

"Мені және балаларды өртеймін деп қорқытты". Алматы облысында әйел бұрынғы күйеуі ұрғанын айтты

Видеодан алынған

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы тұрғынының видео үндеуі пайда болды. Видеода бұрынғы күйеуі ұрып-соғып, қорқытқанын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы тұрғынының видео үндеуі пайда болды. Видеода бұрынғы күйеуі ұрып-соғып, қорқытқанын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларынан әйелдің бетінде соққының ізі көрінеді. Жәбірленушінің айтуынша, бұрын азаматтық некеде болған күйеуі оны 31 наурызда ұрып-соққан.

"Үйге мас күйінде достарымен келді. Мені көлікке күштеп кіргізді. Сонда ұрып-соқты. Өтіп бара жатқан адамдар полиция шақыратынын айтқанда, басқаларына көліккті жүргізуді бұйырды. Мен көліктің артында жаттым. Ол менің үстімде отырып ұрып-соғуын жалғастырды. 

Кейін олар мені далаға шығарып, ішуге мәжбүрледі. Бірақ мен ішімдікті төгіп тастадым. Үстімдегі көйлегімді жыртып "сені ұстап тұрамын, мыналар сені зорлайды" деді. Сосын көзімнен басымен ұрды", - деді әйел.

Реклама
Реклама

Әйелдің айтуынша, оларды ауылға қайтар жолда полиция күтіп алған.

"Сол күні арыз жаздым, қабылдап алды. Олар қазір бостандықта. Мен балаларым және өзім үшін қорқамын. Ол мені, балаларымды және үйді өртеп жіберемін деп қорқытты. Полиция қызметкері оның туысы екенін айтты", - деді ол.

Әйел басынан ауыр соққы алып, емделіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол өзін ұрып-соққан адамдардың бостандықта жүргеніне наразы.

Алматы облыстық Полиция департаменті 31 наурызда Балқаш ауданы полициясына Ц. есімді тұрғын оны ұрып-соққан бұрынғы жұбайының үстінен арыз түсіргенін хабарлады.

"Факт Балқаш аудандық ПБ-да тіркелді. Зардап шеккен адамдағы дене жарақаты дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная