ПОДЕЛИТЬСЯ
24 сәуір 2019 | 12:55
Мейрамхана қонақтарының банк картасынан ақша ұрлады деген күдікті ұсталды
Мейрамхана қонақтарының банк картасынан ақша ұрлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мейрамхана қонақтарының банк картасынан ақша ұрлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияға банк картасынан ақша ұрланғаны туралы төрт адам арыз берген.
"Жедел іздеу шаралары барысында елордалық полицейлер Нұр-Сұлтан қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қаладағы көңіл көтеру орталықтарының бірінде даяшы болып қызмет еткен. Мейрамхана қонақтары POS-терминал арқылы төлеу кезінде олардың банк картасының реквизиттерін көшіріп отырған. Ары қарай, реквизиттерді пайдаланып, интернет банкинг арқылы қаражат жымқырып отырған", - делінген полиция хабарламасында.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 4-тармағы ("Ұрлық") бойынша жүріп жатыр.
Нұр-Сұлтан полиция департаментінің өкілдері ешкімге картаның мәліметтерін, пин-кодын, CVV-код және бір реттік паролін бермеуге шақырады. POS-терминал арқылы төлеу кезінде сақ болыңыздар.
Банк картасына қатысты қандайда бір алаяқтық әрекетін сезіктенген болсаңыз, міндетті түрде оны дереу бұғаттап, полицияға мына нөмірлер бойынша хабарласыңыз: 8(7172)71-62-91 немесе 102.
Показать комментарии
Читайте также