24 мамыр 2022 | 22:26

Миллиард теңге. Піл азу тістерін Қазақстаннан Қытайға өткізбек болғандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрация: gov.kz

Қазақстаннан Қытайға құны миллиард теңге болатын піл пен мүйізтұмсық азу тістерін алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстаннан Қытайға құны миллиард теңге болатын піл пен мүйізтұмсық азу тістерін алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қытай Халық Республикасына піл мен мүйізтұмсық тістерін заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды. Мамандар олардың салмағы 5 тонна, құны бір миллиард теңгеден асатынын айтты", - деп хабарлады прокуратура.

Ежелгі жануарлардың сүйегі Қазақстанға Якутиядан (Ресей) әкелінгені белгілі болды. Қазақстан азаматы заттарды әкетуге лицензия алу үшін аккредитациясынан айырылған ресейлік маманға жүгінген.

Реклама
Реклама

"Бас көлік прокуратура ресейлік әріптестерімен бірге сотталушының кінәсін қажетті дәлелдеді. Айыптаушының бастамасы бойынша сот Қазақстанның Білім және ғылым министрлігіне қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы жеке қаулы шығарды", - деп түсіндірді прокуратурада.

Енді Білім және ғылым министрлігі комиссия құрамына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдерін енгізуі тиіс екені хабарланды.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 соты сотталушыны 4 жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Тістердің негізгі бөлігін Қазақстан Ұлттық музейіне, ал қалған бөлігін заңды иелері якут кәсіпкерлеріне берілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная