Миллиондаған USDT бұғатталды: RAKS Exchange көлеңкелі криптосервисі қалай жұмыс істеген?

Миллиондаған USDT бұғатталды: RAKS Exchange көлеңкелі криптосервисі қалай жұмыс істеген? Фото:depositphotos.com/ Valeriya Zankovych

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан мен шетелдегі 200 есірткі дүкенін қаржыландырған ТМД-дағы ең ірі көлеңкелі RAKS Exchange криптосервисіне қатысты істі тергеу мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан мен шетелдегі 200 есірткі дүкенін қаржыландырған ТМД-дағы ең ірі көлеңкелі RAKS Exchange криптосервисіне қатысты істі тергеу мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Заңсыз операциялардың ауқымы

Тергеу мәліметтері бойынша, сервис арқылы Қазақстан, Ресей, Украина және Молдова аумағында жұмыс істеген 200-ден астам есірткі маркетінің транзакциялары жүргізілген. Платформаның жалпы айналымы 224 миллион доллардан асқан.

Жарнама
Жарнама

Follow the Money қағидаты бойынша жүргізілген криптотергеу аясында мамандар есірткі айналымымен және даркнет-алаңдарының белсенділігімен байланысты 4 мыңнан астам криптоәмиянға талдау жасады.

Қаражатты бұғаттау және тәркілеу

Криптотергепу нәтижесінде жалпы сомасы 9,7 млн USDT-тен асатын цифрлық активтер бұғатталды. Қазіргі кезеңде анықталған қаражаттың бір бөлігі – 3,2 млн USDT тәркіленді. Олардың қылмыстық жолмен алынғаны дәлелденіп, қаражат агенттіктің арнайы шотына аударылды.

Ведомство нәтижесінде азаматтардың денсаулығына қауіп төндірген арна жолы кесілгенін атап өтті. Ірі көлемдегі есірткі жеткізілімдері тоқтатылып, тарату инфрақұрылымы жойылған, бірқатар есірткі интернет-дүкенінің қызметі тоқтатылған.

Сонымен қатар агенттік мұндай схемаларды анықтау және бұғаттау жұмыстары жалғасатынын айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама