ПОДЕЛИТЬСЯ
14 маусым 2023 | 10:01
"Мобильді банкинг арқылы несие алуға мәжбүрлеген". Бурабайда бопсалаушылар тобы ұсталды
Ақмолалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Бурабай курорттық аймағында бопсалаушылар тобының әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақмолалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Бурабай курорттық аймағында бопсалаушылар тобының әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің ауқымды операциясының нәтижесінде, полиция бөлімінің арнайы жасақтарымен Щучинск қаласында Бурабай ауданында бопсалаумен айналысқан бір топ жігіттің қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді.
Ұзақ тексеріс барысында күдіктілер жергілікті тұрғындардан, оның ішінде жастарды мобильді банкинг арқылы қолма-қол ақша және тауарлық несие алуға мәжбүрлеген. Бас тартқан жағдайда физикалық күш көрсетумен қорқытқаны анықталды.
Топтың қылмыстық әрекеттерінің дәлелдерін жинау үшін Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен арнайы жедел іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде бопсалау, тонау, алаяқтық және бұзақылыққа қатысу фактілері ресми түрде анықталып, қылмыстық істерге тіркелді.
Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері тінту жүргізіп, сотталушылардың ұялы телефондарын тәркіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-2 бөлімі "Бопсалау" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Полицияға 8 айыпталушы жеткізілді. Оның төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция ұсталғандардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендерді анықтау мақсатында кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также