13 тамыз 2020 | 13:54

"Мұнай компаниясына орналастырамын деп уәде берген". Алматыда алаяқ әйел ұсталды

Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция қызметкерлері тұрғындардың қомақты ақшасын алаяқтық жолмен алып, оларға жалақысы жақсы жұмыс ұсынған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция қызметкерлері тұрғындардың қомақты ақшасын алаяқтық жолмен алып, оларға жалақысы жақсы жұмыс ұсынған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"1985 жылы туған 35 жастағы C есімді әйел бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Шілде айының ортасында ол Абай даңғылымен Саин көшесінің қиылысында тұрып, сенгіш тұрғындарға жақындап, жұмыс қажет па деп сұрақтарын қойған. Әйел карантинді, кейбір адамдардың қазір жұмыстан босатылғанын және уақытша жұмыс іздеуі мүмкін деген факторларды пайдаланған. Қызметтері үшін олардан сыйақы алған, бірақ кейіннен ​​ақша да, жұмыс та жоқ. Қазіргі уақытта біздің бөлімге екі адам осы жағдайлар бойынша жүгінді", – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, полиция күдіктінің қаланың аумағында және басқа аудандарында заңсыз әрекеттер жасаған болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған байланысты азаматтарға жүгінеді. Алдаудың басқа эпизодтары туындаған жағдайда полицияға мына нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-701-852-60-94, 8-707-515-47-35 деді полицейлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная