Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот үкімі шықты

Мұратхан Тоқмәди. © voxpopuli.kz

Бизнесмен М?ратхан То?м?диге ?атысты ?кім шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?алалы? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында М.Тоқмәдиге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігінің 2-бөлігі, 287-бабының 3-бөлігі, 287-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген айыппен келісім өндірісінде ашық сот отырысы өтті", - делінген хабарламада. 

Сот отырысының барысында сотталушы М.Тоқмәди мен процесстік прокурордың арасында айыпты мойындау туралы келісім болды. Процесстік келісім бойынша сотталушы айыптаумен дауласпай, айыпты бекітуге келісім берді. 

Реклама
Реклама

Осылайша Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын орта деңгейдегі қауіпсіздік инспекциясында қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ, үкімнің заңды күшіне енбегені айтылады.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама