18 қараша 2019 | 09:26

Мұздай қаруланған астаналыққа қатысты тың деректер шықты

Видео кадрлары

Мұздай қаруланған астаналыққа қатысты тың деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция бұған дейін оны ұстау сәтінің видеосын жариялаған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мұздай қаруланған астаналыққа қатысты тың деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция бұған дейін оны ұстау сәтінің видеосын жариялаған.

Елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, роликке түскен 24 жастағы жігіт 2017 жылы "Бұзақылық" пен "Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру" баптары бойынша істі болып, бес жылға сотталған. Алайда 4 қаңтарда сот мерзімнің қалған уақытын бас бостандығын шектеу жазасы түрінде өзгерткен. Жігіт Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробациялық бақылауында болған. 

Реклама
Реклама

"Ұсталушы өзіне тиісті түйін жасамай, тағы да заң бұзды. Қазіргі уақытта сотта оның бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр", - делінген ПД хабарламасында. 

Ескерту! Видеода былапыт сөздер бар!

Бұған дейін Желіде астаналық жігіттің бірнеше қару түрін көрсеткен видеосы жарияланған. Оның қолында тапанша, шокер және автомат болған. Полиция оның кім екенін бірден анықтап, көп ұзамай оны ұстаған. 

Сондай-ақ видеоны түсіріп отырған адам да тұтқындалған. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная