26 тамыз 2022 14:18

Мылтықтан оқ атқан: ҰҚК шекарашылары шетелдік азаматты ұстады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мемлекеттік шекараны бұзған шетелдік азамат ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мемлекеттік шекараны бұзған шетелдік азамат ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылғы 24 тамызда ҰҚК Алматы облысы бойынша ШҚ департаменті шекарашылары Кеген ауданы Іле-Алатау жотасының тау шатқалдарының бірінде мемлекеттік шекараны бұзған шетелдік азаматты ұстады.

"Шекара наряды шақыруын естіген тәртіпбұзушы тоқтау және құжаттарды көрсету талабына бағынбай, аңшы мылтығынан әскери қызметшілерге қарай оқ атып, қарсылық көрсетіп, ізін жасыруға әрекеттенген", - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хабарламасында.

Реклама
Реклама

Ұсталған азаматқа қатысты соталды тергеу амалдары басталды. Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына ешқандай зиян келтірілмеді, олар шекараның таулы учаскесін қорғау бойынша қызметін жалғастырады.

"Ұстау кезінде көрсеткен батылдық пен табандылықты ескере отырып, әскери қызметшілерді көтермелеу мәселесі шешіліп жатыр", - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram