1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Нәрестелерді интернетте сатқан - Алматы прокуратурасы

Алматы прокуратурасы балаларды сату туралы хабарландырулар жарияланған сайтты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға сілтеме

Фото: elements.envato.com

Алматы прокуратурасы балаларды сату туралы хабарландырулар жарияланған сайтты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап.

Қадағалау органы мәліметінше, жаңа туған баласынан бас тартқысы келген жас келіншектер уәкілетті органдар мен соттың тиісті шешімінсіз, заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып, "сатып алуды" ұсынған.

Сайтта осылай бала асырап алғысы келетіндердің хабарландырулары да жарияланған.

"ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 196-бабына сәйкес тауып алынған, тастанды баланың тууы ішкі істер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, білім беру ұйымдары әкімшілігінің немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірілмей тіркелуге тиіс.

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 2-бабы 4-тармағына сәйкес қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға тыйым салынады", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Алатау ауданының прокуроры сотқа сайтты заңсыз деп тану және оның Қазақстан аумағындағы қызметін тоқтату туралы өтінішпен жүгінген. Сот қадағалау органының өтінішін қанағаттандырды.

"Материалдар ҚР ҚК-нің 128-бабында көзделген қылмысты жасау, яғни адам саудасы мәніне тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!