ПОДЕЛИТЬСЯ
14 маусым 2024 | 11:39
Неге Дикий Арманның ісі қаңтар оқиғасын ұйымдастырушыларға қарағанда ұзақ тергеліп жатыр?
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллинадан Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі бойынша сот тергеуі неге ұзаққа созылып жатқаны сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллинадан Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі бойынша сот тергеуі неге ұзаққа созылып жатқаны сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Рахметуллинаның айтуынша, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотта қаралып жатқан барлық сот ісі алқаға процестің барысы туралы нақты деректерді ұсынбайды.
"Әр инстанция өз қызметін толығымен дербес жүргізеді. Менің білуімше, иә, өндіріс әлі аяқталған жоқ. Ол аяқталғаннан кейін, әрине, бұл туралы ақпарат беріледі. Сот тергеуі жүріп жатыр", - деп жауап берді сот алқасының төрайымы Парламент кулуарында.
Сот алқасының басшысы "неге ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің ісіне қарағанда қылмыстық авторитет Арман Жұмагелдиев пен Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергеннің ісі ұзаққа созылды?" деген сұраққа сот алқасының басшысы істе сот зерттеуге міндетті материалдардың көп болуы мүмкін деп жауап берді.
"Істер әртүрлі. Бір эпизодтан тұратын іс болады, онда бір жәбірленуші, бір куә - ол бірнеше отырыста аяқталуы мүмкін. 50 сотталушы, 250 жәбірленуші бар, сот толық зерттеуге міндетті қылмыстық іс материалдары орасан зор істер болады. Тиісінше, оның қашан аяқталатынын айта алмаймын. Мұның барлығын сот жеке шешеді. Бүгінгі күні, менің білуімше, әлі аяқталған жоқ", - деп қосты Рахметуллина.
Ол соттың істі сотта қарау мерзімін шектеуге құқығы жоқ екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также