30 қыркүйек 2020 | 12:26

Нұр-Сұлтан әуежайындағы жемқорлық дерегі: Бас есепші өзіне қол салмақ болған

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Елордадағы Нұр-Сұлтан әуежайынан 1,7 миллиард теңге жымқыру дерегі бойынша сот ісі жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордадағы Нұр-Сұлтан әуежайынан 1,7 миллиард теңге жымқыру дерегі бойынша сот ісі жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айыпталушы орындығында әуе айлағының бұрынғы басшысы Радильбек Адимолда, бас есепші Әлия Бабашева және тағы 6 адам бар. Сот отырысы барысында осыған дейін бас есепшіге сот-медициналық сараптама тағайындау туралы шешім қабылданғаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

"Сараптама тағайындалғаннан кейін Бабашева дәрі ішіп, улануға әрекет жасағаны туралы хабарлама түскен. Осыған байланысты оның психологиялық және эмоционалды жағдайын анықтау қажеттілігі туындады. Сондықтан сот Бабашеваға қатысты қосымша сараптама жүргізу туралы шешім қабылдады", - делінген соттың қауласында.

Сонымен қатар, жаңа сараптама жүргізу үшін тағы бір комиссия құрылатын болды. Оның құрамына кардиолог, невролог, дефектолог және психолог кіреді. "Бабашеваның ауруы оның психикалық, психологиялық және эмоционалдық жағдайына байланысты ма?" деген сұраққа жауап іздейді. Бұл сауалға жауап табу үшін комиссия құрамына психиатр-дәрігер де кіреді.

Айта кетейік, өткен жылдың сәуірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан әуежайынан ұзақ жылдары бойы ақша жымқырылғанын анықтап, оған қатысты тергеу бастаған еді. Бұл іс бойынша басты күдікті "Астана "халықаралық әуежайы" АҚ бұрынғы бас есепшісі Әлия Бабашева болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная