25 қаңтар 2022 14:34

Нұр-Сұлтан балабақшасындағы жанжал: полиция мәлімдеме жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық полиция қызметкерлері балабақшалардың бірінде қызды ұрды деген күдіктінің кінәсі дәлелденгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елордалық полиция қызметкерлері балабақшалардың бірінде қызды ұрды деген күдіктінің кінәсі дәлелденгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық ІІД баспасөз қызметі мәліметінше, "Алан" балабақшасында баланы ұрып-соғу дерегіне қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Нұр-Сұлтан қалалық ІІБ бастығының орынбасары Мұратжан Шәкеровтің айтуынша, 2022 жылдың 25 қаңтарында қылмыстық іс аяқталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда балабақшада кішкентай қыз соққыға жығылғанына қатысты жанжал жалғасып жатқаны хабарланды. Ата-анасының айтуынша, екі жасар қыз үйіне оралғанда, денесінде көгерген және қылғындырған іздер болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети