23 желтоқсан 2021 | 14:13

Нұр-Сұлтан және Алматыдағы арнайы операция: ірі есірткі тасымалының жолы кесілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтан және Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, арнайы операция жүргізді. Операция нәтижесінде есірткі заттарын Қазақстан аумағына өткізумен айналысқандар жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Агенттік мәліметінше, есірткі заттары халықаралық арналар арқылы жақын шетелдерден халық тұтынатын әртүрлі тауарлар түрінде жеткізілді.

"Шағын мөлшерде өлшеп оралған есірткі заттары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының саябақтары, мектептері, аурухана, мектепке дейінгі мекемелер аумағында таратылған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сату аноним Telegram-арналар арқылы жүргізілді, төлем Qiwi-кошелек электрон төлемдер арқылы қабылданды. Негізгі сатып алушылар Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары болды.

"Есірткі сатушылар үй жануарларына арналған азық түрінде оралған кезекті халықаралық тауарды алу кезінде ұсталды. Ұсталғандардың тұратын жерлерін тінту кезінде синтетикалық есірткі заты - мефедрон, марихуана, буып-түю материалдары, таразы табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 7 килограмнан астам марихуана мен мефедронды құрады", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері.

ҚР ҚК-ның 286-бабы 2-бөлігі және 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есірткі сақтағаны және сатқаны үшін бес қылмыскер ұсталды.

Ұсталғандар тергеу изоляторына 2 ай мерзімге қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram