23 сәуір 2021 12:11

Нұр-Сұлтан - Көкшетау тасжолындағы кафеде жерасты казино анықталды

Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтан - Көкшетау автожолы маңында жұмыс істеген жерасты казино әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Департамент өкілдері заңсыз казино жол бойындағы кафе ғимаратында болғанын айтты. Тексеру барысында 1 миллион теңгеден аса қаражат пен 900 АҚШ доллары, покер ойнауға арналған фишкалар мен ойын карталары табылып, тәркіленді.

"Құрметті азаматтар! Қаржы саласындағы құқықбұзушылықтарға кез болсаңыз немесе осындай деректер сізге белгілі болса, Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне 8 (7162) 25-62-84 сенім телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram